Қазақстан сыртқысаяси ведомствосының басшысы Джидда экономикалық форумы шеңберінде Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоганмен және сыртқы істер министрі Абдулла Гюлмен сұхбаты жайында елшіні хабардар етті. Түркияның сыртқы істер министрін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырғандығын мәлімдеді.
Ч.Алдемир елші ретінде еңбек еткен 4,5 жыл ішіндегі бірлесе атқарған жұмысының нәтижелерін жоғары бағалады. Осы кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың көптеген салаларында айтарлықтай алға басушылық болды. Түркия өкілі президент Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысын жоғары бағалады.
Елші сөзінің соңында "Қазақстан мәңгілік менің жүрегімде сақталады" деген жүрекжарды лебізін білдірді.