Қазақстан мен Түркия бас прокурорлары терроризм, экстремизм, киберқылмысқа қарсы күрес мәселесін талқылады

Бұл туралы қадағалау мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таратылған мәліметке сәйкес, кездесу барысында тараптар ұлтаралық ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен экстремизмге, киберқылмысқа қарсы тұру және басқа мәселелерді талқылады.

Тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі стратегиялық тапсырмалар тұрғысынан қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте бірлескен міндеттерді шешуге бірігіп күш салу өзектілігі артып отырғанын атап көрсетті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия бас прокуратуралары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.