Қазақстан мен Түркия басшылары «Жаңа Синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыруын талқылады


«Екі мемлекет басшыларының қатысуымен отырыс барысында түрлі салалардағы өзара байланысын нығайту мәселелері, «Жаңа Синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары қаралды», - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазақстан президенті Р. Эрдоғанның Қазақстанға әрбір сапары екі елдің қатынастарын нығайтуға бағытталған айтарлықтай жетістіктермен ұштасатынын атап көрсетті.
«Осы сапар да қазақ-түрік қатынасында үлкен із қалдырады. Түркия Қазақстанның ең жақын және сенімді әріптестерінің бірі. Елдеріміздің ортақ тарихы, тілі мен рухани байлыққа негізделген қатынастары жақсы серпіліспен ерекшеленеді», - дейді Н.Назарбаев.