Қазақстан мен Түркия президенттері Түркістандағы жаңа мешітке барды

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Бауырлас қос елдің басшылары мешіттің салынуы жайындағы келісімге 2000 жылы, Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау кезінде қол қойған. Аумағы 2 гектар жерді құрайтын мешіттің құрылысын Түркия елі қаржыландырды. Мешіттің мұнараларының биіктігі 33, ал күмбезінің биіктігі 31 метрді құрайды.

Сондай-ақ, жаңа мешіт 2 қабатты және 600 шаршы метр жабық алаңы бар. Сыртында намаз оқитын орны, төменгі қабатта мәдениет орталығы, бірінші қабатта 2 дәрісханасы бар.