Қазақстан мен Түркменстанның сыртқы саяси ведомстволары ынтымақтастықтың екіжылдық бағдарламасын қабылдады

Астанада сейсенбіде өткен келіссөздерінің нәтижелері бойынша 2015-2016 жылдарға арналған сыртқы саяси ведомстволардың ынтымақтастығының екіжылдық бағдарламасы қабылданды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық жақтың мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы Қазақстан мен Түркменстан арасындағы сауда айналымының көлемі 392,9 млн долларға жеткен.

Кездесуде Е.Ыдырысов атап өткендей, екі мемлекеттің бизнес-құрылымдары арасында байланысты орнатудың серпінді механизмі ретінде Ашхабадта биыл өткізілуі көзделген қазақстандық-түркмендік бизнес-форум болмақ.