"Біздің ықпалдастығымыздың экономикалық нәтижесі жаман емес, екі ел арасындағы сауда-саттық 64,4%-ға өсті, Қазақстан Украинаның ірі сауда әріптесіне айналды", -деді Н. Назарбаев.
Қазақстан президенті қазір қол жеткізілген шамамен $3 млрд көлеміндегі айналым "бізді қанағаттандырмайды", деп атап өтті.
"Ол бұдан әлдеқайда артық болуға тиіс және таяу уақыттарда біз оны 2 есе өсіріп, $5 млрд-қа жеткізуіміз керек", - деді президент.
"Ол үшін барлық жағдай жасалған, екі ел басшылығының саяси ерік-жігері де бар, мен екі елдің кәсіпкерлерін нақты жобаларды жүзеге асыра бастауға шақырамын", - деді ол.
Осыған байланысты Н. Назарбаевтың бағалауынша, Қазақстанның Каспий және Қара теңіздерін жалғастыратын "Евразия" кеме қатынасы каналын салу жөніндегі ұсынысы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайту тұрғысынан көп үміт күттіреді. "Бұл канал Қазақстанды теңіз мемлекетіне айналдырып, екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға сөзсіз айрықша ықпалын тигізеді", -деді Қазақстан президенті.