Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

"Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атай отырып, ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде энергетика тасымалдайтын дәліздерді дамытуға бағытталған ықпалдастықты қолдайтынын мәлімдейді", -делінген құжатта.

Бұған қоса мәлімдемеде "Қазақстан мен Украина Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты ұзарта түсуге, сондай-ақ, Одесса-Броды жобасын дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын қарау жұмыстарын жалғастыруға ниетті",- делінген.