"Бұл құжат екі елдің өзара конструктивті байланыс орнатуға мүдделі екеніне дәлел болады",- деді О.Мұхамеджанов.
Мәжіліс төрағасының мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2005-жылдың 9 айында 751 млн. долларды құрады. "Бұл ауқымды көрсеткіш",- деді О.Мұхамеджанов.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1160 млн. долларды құрады. "Биыл бұл көрсеткіштен асып жығыламыз деген болжам айтуға толық негіз бар" деді мәжіліс спикері.