Қазақстан мен Украинаның есеп органдары 2008-2009 жылдарға арналған шараларға қол қойды

Құжатта көрсетілгеніндей,"2008 жылы Қазақстан мен Украинаның есеп комитеттері, екі жақтан, төтенше жағдайларға бөлінетін бюджеттің қаржының игерілуі мен жолпарлануын тексереді. Осыған орай, мемлекеттік қаржы бақылау тәсілдерін жақсарту жолдары мен тәжірибесін игеру жөнінде бірлескен семинар-кеңес өткізіледі. 2009 жылы екі жақ мемлекеттік мүлікті басқару саласында сараптамалық- бақылау шараларын өткізу тиімділігін бағалайды".

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, О. Өксікбаев басқа мемлекеттердің қаржы бақылау ұйымдарының басшыларымен екі жақты кездесулер өткізді. Олардың қорытындылары бойынша, 2008 жылы бас аудиторлар - Михкель Овиийр (Эстония) мен Шейла Фрейзердің (Канада) Қазақстанға ресми сапары туралы келімдерге қол жеткізілді. Олардың барысында есеп комитетімен қарым-қатынас жасау туралы келісім-шартқа қол қойылатын болады. Сондай-ақ, 2008 жылы Иранның ұлттық аудит жөніндегі офисімен қарым-қатынас жасау туралы келісіміне қол қою жоспарланды.

ҚР есеп комитеті тікелей ҚР президентіне бағынышты, мемлекеттік жоғарғы қаржылық бақылау органы. Есеп комитеті сыртқы және республикалық бюджеттің атқарылуын, гранттардың пайдаланылуын, мемлекетті4ң мал мүлкін, мемлекеттік кепілдендірілген активтерді, мемлекеттік кәсіпорындар сатқан тауар қаржысын бақылап баға береді.

ИНТОСАИ - жоғары қаржылық бақылау органдарының халықаралық ұйымы.

ИНТОСАЙ құрамына 180 ұйым кіреді. ҚР Есеп комитеті бұл ұйымға 2000 жылдың мамыр айында мүшелікке өткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті