Caravan Logo

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында 40 жобаны жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында 40 жобаны жүзеге асыру келісіміне қол жеткізілді

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен өткен сұхбат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«40-тан аса жобаға қол қойылды, бұл жобалар әлі де жұмыс жасауды қажет етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы аталған жобалар энергетика, мұнай-газ саласы, сондай-ақ медицина препараттары мен ауыл шаруашылығы зауыттарының құрылысына қатысты екенін нақтылады.