Бұл туралы Қазақстанға ресми сапармен келген Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Нарендра Моди мәлім етті.
«Орталық Азия бұл үнділік туристер жиі баратын орындардың бірі. Біз мәдениет, зерттеу және білім беру саласындағы байланыстарды күшейтудеміз», - деді Н.Моди Назарбаев Униерситетінде оқыған дәрісі барысында.
Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда апта сайын 50-ден астам әуе рейсі Орта Азиялық 5 елді Үндістан астанасымен байланыстырып отыр. Бұл ретте ұшақтардың ұшу ұзақтығы Чиннайдан Дели қаласына дейінгі уақытпен шамалас. Бұған қоса, Орталық Азияның мыңдаған кәсіби маман, кәсіби қызметкерлері және студенттері Үндістанда білім алуда.
«Үндістанның көптеген азаматтары сіздердің өңірлеріңіздегі университетте білім алуда. Өңірде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер орталығы ашылуда. Біз бұл тұрғыда жастарымызды одан ары да бұл іске жұмылдыра түсеміз», - деді Үндістан Премьер-Министрі.