"Біз екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқыладық, атап айтсақ, мұнайгаз саласы, тоқыма өнеркәсібі және білім беру секілді нақты салалар бойынша ынтымақтастық аясын кеңейту қажеттігін талқыладық", -деді кездесу қорытындысы бойынша Үндістан СІМ журналистерге берген сұхбатында.
"Тұтастай алғанда, екі жақты қарым-қатынастардың жақсы перспективасы бар, оған Қазақстан президентінің ағымдағы жылдың қараша айында Үндістанға жасайтын сапары жаңаша серпін береді деп ойлаймын", -деді ол.
Ресми мәлімет бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2007 жылы $200 млн құрады. Қазақстан экономикасына жұмсалған Үндістан инвестицияның жалпы көлемі $13,2 млн құрайды.