"Пайдаланылмаған жерлерді бірлесе отырып игеріп, алған өнімдерді өңдеп Еуропа Одағының нарықтарына шығу керек ", - деп мәлімдеді А. Есімов кездесу барысында.
Венгрия республикасының аймақтық дамыту және егіншілік министрлігінің басшысы Иожеф Граф айтқанындай, соңғы кездері мемлекеттер арасында екі жақты қарым қатынастар ойдағыдай болмады. Алайда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Венгрияға сапары кезінде біздің елдер арасында ынтымақтастық жасайтын көптеген салалар бойынша, әсіресе ауыл шаруашылық саласында ортақ мүдделеріміздің бар екендігі айқындалды. Диқаншылық, мал шаруашылығы, мамандарды даярлау және алмасу бойынша қарым қатынастарды жақсартып, жетілдіру керек.
Бүгінде әлемде азық-түлікті тұтыну көлемі және оның құны өсуде. Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерін шығарып қана қоймай, отын шикізатын шығаратын сала болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытып, азық түлікті шығару үшін екі жақты қатынастарын күшейтіп, тәжірибемен алмасу қажет.
Қазір халықаралық нарықта ауыл шаруашылық өнімдерін тұтыну көлемі ұлғаюмен бірге оның бағасы да өсуде. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастық екі жаққа да тиімді болады.
Делегация сонымен бірге "НХ "ҚазАгро"АҚ, " "Азық -түлік келісім-шарты корпорациясы"ҰК, "Мал Өнімдері корпорациясы" АҚ ,"ҚазАгроМаркетинг"АҚ, "КазАгроИнновация" АҚ басшыларымен кездесті.