Қазақстан мен Вьетнам екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді

Ресми өкілдің хабарлауынша, комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, вьетнам жағынан - Вьетнам Социалистік Республикасының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь болып табылады.

"Аталмыш іс-шара шеңберінде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ ҚР мен ВСР арасындағы басқа да салалардағы өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланбақ",- деді ол.