Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

«Жапония мен Қазақстан арасында тікелей авиациялық рейс ашу мәселесі өте маңызды. Бұл екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына ықпал етеді. Адамдар мен материалдардың жылдам тасымалдануы қажет. Менің естуімше, қазіргі уақытта Қазақстан екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен келіссөздердің соңғы сатысында көрінеді. Бұл жаңалықты асыға күтетін боламыз», - деді ол.

Ал Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ақылбек Қамалдинов өз кезегінде аталған мәселе бойынша қызу жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.


«Біз екі елдің авиациялық басшылықтарымен тұрақты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Және «Эйр Астана» компаниясы жуық арада бір нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын», - деді ол.