Қазақстан мен Жапония гибридті автомобильдер немесе электр мобильдерлі бірлесіп өндіруі мүмкін

«Бүгін айтылғандай, атом өнеркәсібінде, көлік құрастыруда ынтымақтастықты дамыту, нақты практикалық мысалдар бар, гибридті автомобильдер немесе толық электр мобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы бүгін ұсыныс айтылды», - деп үкімет басшысы бүгін Астанада қазақ-жапон үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы барысында атап көрсетті.

Оның пікірінше, бұл үшін үкімет тарапынан жеңілдік, ынталандыру қажет. «Әсет Орынтайұлы, сіз осы мәселені мұқият қарастырасыз деп ойлаймын, бізде ынтымақтастық үшін қосымша мүмкіндіктер бар», - деп К.Мәсімов инвестиция және даму жөнінжегі министр Ә.Исекешевке сөзін арнады.