Қазақстан метеоқызметті дұрыс жабдықтамау салдарынан жыл сайын 200 млн доллардан қағылып отыр

"Бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы ауа райына тәуелді салалардың үлесі 45,3% екендігіне байланысты, ал Әлемдік банктің бағалауынша, еліміздегі гидрометеоқызметтің техникалық ахуалы қанағаттанарлық емес деп сипатталуда, бұл бірінші кезекте бұл саланың жеткіліксіз жабдықталуына байланысты",- деді З.Сәрсенбаев.

Оның пікірінше, гидрометқызметтің жағдайын жақсарту есебінен түсетін жыл сайынғы пайда Қазақстанға техникалық модернизацияға жұмсалған әрбір доллардан 5 доллар көлемінде кіріс әкелмек. "Осыған байланысты біз республикалық бюджеттік комиссияға гидрометқызметті ең озық әлемдік тәжірибе деңгейіне дейін сатылы түрле көтере жабдықтау жөнінде ұсыныс енгіздік",- деді вице-министр.

Оның бағалауынша, 2010-жылға дейін метеостанциялардың санын 9-ға, аэрологиялық станциялардың санын 3-ке, қоршаған орта ахуалын бақылау бөлімдерінің санын 20-ға дейін, радиациялық мониторинг бөлімдерін 15-ке дейін арттыру қажет. "Күн райы болжамдарының дәлдігі мұндай жағдайда 2010-жылға дейін 90 процентке артады",- деді З.Сәрсенбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті