Қазақстан "мүгедек", "соқыр", "саңырау", "мылқау" деген терминдерден бас тартты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісті заң жобасы парламент мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды.

Жаңа заңда мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеуге басымдық беріліп отыр.

Сонымен қатар «соқыр», "саңырау", «мылқау» терминдері «көру, есту және сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдар" деп өзгертіледі.