Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы келісімнің жобасы мамырдың екінші онкүндігінде дайын болады

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Аббас Аббасовтың хабарлағанындай, келісім 10-мамырға дейін түпкілікті дайын болмақ.

"Екі елдің жұмыс топтары жүргізіп жатқан келіссөздердің ақырғы раунды Бакуде 29-сәуірде өтеді. Бакуге Әзербайжан-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысына қатысу үшін келетін қазақстандық сарапшылар Әзербайжанның өнеркәсіп және энергетика, көлік министрлігінің, Мемлекеттік мұнай компаниясының және басқа да мекемелердің өкілдерімен құжатты келсу үшін келіссөздер жүргізеді",- деді А.Аббасов.

Бұған дейін Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Андар Шоқпытов келісімге Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов Әзербайжан астанасына Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының саммитіне қатысуға келген кезде немесе ағымдағы жылдың маусым айының аяғына белгіленген Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы тиелген тұңғыш танкерді жөнелту салтанаты кезінде қол қойылуы мүмкін деп хабарлаған болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі келіссөздер Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ арасында 2002-жылдың қараша айында басталған. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.

Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP - 30,1%, ГНКАР - 25%, Unocal - 8,90%, Statoil - 8,71%, TPAO - 6,53%, ENI - 5%, Itochu - 3,40%, ConocoPhillips - 2,50%, INPEX - 2,5%, TotalFinaElf - 5% және Amerada Hess - 2,36%.

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

--------------------------------------------------------------------------------