Н.Әлиевтің айтуынша, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасына біріктіру жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасын жасап жатқан Қазақстан-Әзербайжан жұмыс топтары арасында қыркүйекте өткен келіссөздердің соңғы раундының қорытындысы бойынша келісімнің жобасына алдын-ала қол қойылып, құжат екі елдің президенттеріне ұсынылды.
Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті сонымен бірге Қазақстан мұнайын Ақтау-Баку-Тбилси-Жейхан құбыр жүйесімен транзитті тасымалдау туралы келісімнің жобасы да бір уақытта жасалып жатқанын еске салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі келіссөздер Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ арасында 2002-жылдың қараша айында басталған. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP - 30,1%, ГНКАР - 25%, Unocal - 8,90%, Statoil - 8,71%, TPAO - 6,53%, ENI - 5%, Itochu - 3,40%, ConocoPhillips - 2,50%, INPEX - 2,5%, TotalFinaElf - 5% және Amerada Hess - 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті