Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен Қазақстан халықтарының ассамблеясы - ұлттық және діни топтар арасындағы келісімді қамтамасыз етудің ең бір тиімді құралы



3-қазанда Дели қаласында мұсылмандардың қасиетті мерекесі - Рамазан қарсаңында жергілікті "Secular Qayadat" журналының редакциясы ұйымдастырған "Құран бейбітшілік пен ілгерілеушілікті қолдайды" деген тақырыптағы ұлттық семинарда Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі Қайрат Омаров пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз сөзінде Қ.Омаров исламның бейбітшілік пен төзім дінін екенін, ол басқа конфессияларды құрметтеуге шақыратынын атап өтті. Осыған байланысты иасламды лаңкестік пен зорлық-зомбылықтың кез-келген түрімен ымыраласа алмайтын дін ретінде дүниежүзіне дұрыс ұғындыру керектігі сөз болды.
Елші тәуелсіздік алған сәттен бастап діни немесе ұлттық негізде шиеленіс шығып көрмеген Қазақстанның дүниежүзіне тұрақтылықтың шынайы үлгісі бола алатынын атап көрсетті. Бұл ретте тәуелсіздік алған алғашқы сәттерден бастап ел ішінде тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық ауызбірлікті сақтауға басымдық берген саяси басшылықтың ролі ерекше аталды.
Семинарға қатысушылар Қазақстанның 2003-жылы Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайын өткізгенінен және ел басшылығының қазір осындай сьезді 2006-жылы өткізуге дайындалып жатқанынан құлағдар болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті