Қазақстан Мысырға әуе рейстерін жандандыру мәселесін қарастырып жатыр

Бұған дейін Мысырдың Авиация министрлігі Қазақстан 19 наурыздан бастап Шарм-эш-Шейх шипажайлық қаласына ұшуларды қалпына келтіретінін мәлімдеген. Басқа бірқатар елдер сияқты, Қазақстан да ресейлік А321 әуе кемесінің Синайда апатқа ұшырауынан кейін Шарм-эш-Шейхқа ұшуларын тоқтатқан.

ААК-ның ақпаратынша, 18-22 қаңтар аралығында Қазақстан әуе авиациясының комиссиясы Шарм-эш-Шейх қаласының халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздік жүйесінің азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша инспекциялық тексерісін өткізді.