KZ-today тілшісі дау-шарға түрткі болған екі жақтың қай-қайсысынан да түсініктеме ала алмады. Мәселен, "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-нан хабарлағанындай, банк басқармаларының төрағасы Оразалы Ержановпен байланысқа шығу мүмкін емес. Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, банк басқармаларының төрағасы шетелде жүр.
"Қазақстан Наурыз банкі" АҚ - бұрынғы "Қазагроөнеркәсіп" банкінің мұрагері, ол 2001-жылы "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ деген атаумен қайтадан тіркелген. О.Ержанов 2001-жылдың наурыз айынан бері аталмыш банктің басқармалары төрағасы болып табылады. Ал 2000-жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ол "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" ААҚ-ның басқармалары төрағасының бірінші орынбасары, 2000-жылдың қыркүйек айы мен 2001-жылдың қаңтар айлары аралығында "KEGOC" ААҚ-ның бірінші вице-президенті болды. О.Ержанов сондай-ақ, "Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі болып табылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президентке "Наурыз банк" басшысының атынан жазылған-мыс делінген хатта президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов тарапынан жасалып отырған "өктемдік әрекеттер" туралы айтылған. Хатқа жүгінсек, И.Тасмағамбетов үкіметті басқарып тұрған тұста "Қазақстан темір жолы" ААҚ-ның президенті Е.Атамқұловпен бірлесе "Қазақстан Наурыз банкі" АҚ-ның жарғылық қорына үлес қосуға келісіп, бастапқы жарна қосқан. Алайда, кейінірек бұл келісімнен бас тартып, 10 млн. доллар көлеміндегі жарнаны қайтаруды талап еткен көрінеді.