"Масс-медиа әлемінде қоғамдық санамен манипуляциялар жүргізу жаппай белең алып, дүниежүзіндегі оқиғаларды еркін әрі тәуелсіз қабылдауды паш ететін жаңа мүмкіндіктер көбейе түсті", - деді Н. Ермекбаев.
"Алайда, жауапкершілік жоқ жерде еркіндік болуы мүмкін емес, біз басқыншылыққа айдап салу мен жеккөрушілікті насихаттауға қарсымыз. Сол себепті Қазақстан Нидерланды парламентінің депутаты Геерт Вильдерс түсірген деректі фильмді айыптаған БҰҰ-ның "Өркениеттер альянсы" бойынша бас хатшының жоғарғы өкілі Жорж Сампайоның мәлімдемесінің жобасын жалпы қолдайды ", -деді ол.
Еске сала кетейік, бұл жерде әңгіме Құранның бірқатар постулаттарын сынаған авторлық деректі фильм жайында болып отыр.
"Сонымен бірге, әділеттілік пен жүйелілік те болуға тиіс : мұсылмандардың рухани құндылықтарын құрметтеу қажеттігі туралы айтқан кезде батыс қоғамының да рухани тарихи құндылықтарға ие болуы құқығы бар екенін және ол да құрметке лайық екенін ұмытпау керек", -деді министр орынбасары.