Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысына қатысады

"Қарашаның 26-сында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысы өтеді. Оның барысында Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті құру мәселелері қарастырылатын болады. Бұл отырысқа ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған делегация қатысады,- деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, Қарашаның 24-і мен 26-сы аралығында Мәскеу қаласында РФ мен ҚР Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтеді.

"Отырыс барысында тараптар Үкіметаралық комиссияның алдыңғы отырысындағы хаттамасының орындалу барысын, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағадаластықтар аясындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мәселелерді талқылайтын болады, деді Е. Ашықбаев.