"Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісін жақтайтынын, жаһандық проблемалар мен жанжалдарды реттеуде халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жайына тоқталады", деді СІМ өкілі.
"МАГАТЭ мерейтойы құрметіне, сондай-ақ Семей сынақ алаңы жабылуының 15 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы көрме өткізу үшін арнайы экспонаттар тапсырды. Олар еліміздің қару-жарақ таратпау мен ядролық сынақтардан бас тартуға қосқан үлесін паш етеді",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті