Қазақстан өкілдері понтификті жерлеу рәсіміне қатысады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Рим Папасы Иоанн Павел ІІ 2-сәуірде 85 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды.

Дінбасын жерлеу рәсіміне қатысу үшін 200-дей мемлекет және үкімет басшылары, тақ иегерлері мен түрлі конфессиялардың өкілдері келді. Понтификпен қоштасу үшін дүниенің төрт бұрышы мен Италиядан Римге 4 млн. адам келді.
Понтификтің қайтыс болуына байланысты Ватиканға көңіл айтқан жеделхаттар әлі де келіп түсуде. Рим католик шіркеуінің кардинал-камерленгосы Эдуард Мартинес Сомалоның атына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та көңіл айтып жеделхат жолдады.
Жерлеу рәсімі бүгін, 8-сәуірде жергілікті уақыт бойынша 10 сағатта (Астана уақытымен 14 сағатта) Ватикандағы Әулие Петр соборында басталады. Рим Папасы Иоанн ІІ Павел Әулие Петр соборының астындағы бұған дейінгі Рим Папалары жерленген жер асты гротында жерленеді.