«Іс-шара барысында ТМД аясындағы, соның ішінде ауылшарушалық, көлік және коммуникация саласындағы ынтымақтастықтарды одан әрі дамыту жөніндегі 20-ға жуық мәселе қаралады»,- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, ТМД жарғылық органдарының іс-қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қарастырылып, Мемлекетаралық банктің жұмысы туралы берген есебі тыңдалатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті