Қазақстан өкілі Алматыда БҰҰ-ның екі экономикалық комиссиясының бірлескен субаймақтық кеңсесін ашуды ұсынды

Кеңеске қатысушылар алдында сөз алған Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуде Орталық Азия елдерінің рөлі арта түскеніне баса назар аударды. Ол БҰҰ-ын Азия өңірінде көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударуға шақырды.