ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мемлекет басшыларының екі жақты келіссөздері барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың аталмыш індетті ауыздықтауға мүмкіндігі жететініне сенім білдірді.
Елбасы Қазақстанда осынау жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу бағытында шара қолданылып жатқанын хабарлады.
Өз кезегінде ҚХР төрағасы Қытай халқы жұқпалы дертті бұлтартпай бақылауға бел буғанын баяндап, онымен күресте жалпы адамзат дүниесінің жеңіп шығатынына кәміл сенім танытты.