Қазақстан өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына енеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы қараша айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандай да бір ескертпесіз жойылуға тиіс екені айтқан еді. Сенаторлардың бұл заңды қабылдауы – Президенттің нақты тапсырмасын орындау нәтижесі, әрі депутаттардың жұртшылық сауалына жауабы болып табылады.

«Осы заңды қабылдай отырып, Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салған елдер тобына қосылды. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын толығымен жоюға арналған халықаралық қозғалысты қолдайтынын заң арқылы дәлелдеп отыр», – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.


Еске сала кетейік, 2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланды. Заң қабылданғаннан кейін еліміз өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттік қатарына енеді.