Қазақстан өңірлерінде ағаш отыны қанша тұрады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда отын 11,7% қымбаттады. Өңірлерде баға 6 – 16 мың теңге аралығында құбылып тұр», - делінген мәліметте.

Ағаш отыны ең қымбат өңірлер: Астана (1 текме метрі үшін 15 492 тг), Көкшетау (11 067 тг) және Өскемен (10 532 тг) қалалары.


Отынды 8-9 мың теңге шегінде Шымкент (1 текше метрі 8 000 тг), Тараз (9 099 тг), Қарағанды (8 880 тг), Жезқазған (8 485 тг) және Петропавл (8 658 тг) қалаларында сатып алуға болады.

Ең төменгі баға Орал қаласында тіркелген – 6 000 тг/м3.