Қазақстан өңірлерінің жартысына қыс қайта оралады

ал бұл жерлерде жаздың басында түнде үсік жүреді, деп "Қазгидромет" болжам келтірді.

Ауа райын болжау мамандарының мәліметіне сәйкес, 29-31 мамыр күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундіна 15-20 метрге жетеді.

28 мамыр мен 2 маусым аралығында Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында ауа қысымы түнде 1-6 жылы, кей жерлерде 0-5 суық, күндіз 7-12 градусқа дейін жылы болады.


Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында 30 мамыр – 2 маусым күндері ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 аяз, күндіз 7-12 градус жылы болады.