Қазақстан оппозициясы Елбасын тікелей диалогқа шақырады

Бірақ оппозиция өкілдері "бұл диалог елдің даму жолдары туралы болмайтынын" мәлімдеді. "Келіссөздердің басты шарты - биліктің алдағы уақытта әділетті әрі адал сайлау өткізуге ықыласы бар екенін паш етуге әзірлік танытуы болмақ",- деді демократиялық күштердің "Әділетті Қазақстан үшін" сайлауалды блогының жетекшісі Жармахан Тұяқбай. Блок өкілдері "келіссөздер делдалдардың қатысуынсыз бетпе-бет жүргізілсін" деп талап етуде.

Сонымен бірге Ж.Тұяқбай егер билік тарапынан ешбір қадам жасалмаған жағдайда Грузия мен Украинадағы ахуалдың Қазақстанда да қайталануы мүмкін екенін мәлімдеді.