Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады - Назарбаев

"Бүгінде елдердің бәрінде бірдей тарихи отанына оралуға ниет білдірген отандастарын қолдаудың арнаулы бағдарламасы жоқ", - деді президент.

"Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады", - деді ол.

Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанға 1 млн астам репатриант оралды. Соның ішінде 650 мың отандасымыз мемлекеттің қолдауымен көшіп келді. "Біз Қазақстанға өз бетімен келуге ниеті барларды қолдаймыз", -деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жыл сайын оралмандарды көшіріп алу мен әлеуметтік қорғауға мемлекет 11 млрд теңге бөліп отыр.