Қазақстан Орта Азиядағы ең ірі теміржол торабына айналады


Бұл туралы Ақордада мемлекет басшысына есеп берген Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының президенті Асқар Мәмин мәлімдеді. Оның жоспары ауқымды. Мақтанышпен айтқан жобаларының бірі Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл  жаңа теміржол желісі. Ол келер жылы қолданысқа берілмекші. Ал  3 жылдан соң Қазақстан өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптаспақ. Сондай-ақ бүгін Елбасының қабылдауында Қорғаныс істер министрі Әділбек Жақсыбеков болды. Ол Қарулы Күштердің бас қолбасшысын тындырған істерімен таныстырып әскердегі ахуалды баяндады.