Қазақстан Орталық Азия -Орталық газ құбырын реконструкциялауға кірісті

Министрдің айтуынша, бүгінде көгілдір отын құбырының қуаты жылына 54 млрд. текше метрді құрайды. "Бірнеше кезең арқылы біз бұл қуатты жылына 100 млрд. текше метрге дейін жеткізуді көздеп отырмыз",- деді В.Школьник.

Газ құбырының транзиттік әлеуетін арттыруға 3,1 млрд. доллар жұмсалады. "Бұл қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінеді",- деді министр.