«Қазақстан Орталық Азияда сырттан ең аз көмек алған мемлекет»: Өзбек БАҚ-тары қазақтар туралы не жазуда

Caravan.kz медиа-порталы өзбек басылымдарының Қазақстан туралы, қазақтар жайлы не жазып жатқанына шолау жасап көрді.

Өткен аптада өзбек ақпарат құралдары еліміздегі жайсыз мәлімерге көбірек орын беріпті.

Қазақстанда құс тұмау таралды

Мәселен qalampir.uz атты өзбек басылымы, ағымдағы жылдың 9-16 қыркүйегі аралығында түрлі құстардың қырылуы Солтүстік Қазақстанның 7 ауданында байқалды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазды.

Құс өлімі Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов пен Мағжан Жұмабаев аудандарында тіркелді.

«Ұлттық анықтамалық орталық олардың қырылуына жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Ережеге сәйкес, Қазақстан Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын қорғау ұйымына аурудың таралуы туралы ескертті, деп мәлімет келтірген.

Қазақстан коронавирустың ең нашар сценарийіне дайындалып жатыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қатысты жағдай нашарламас үшін уақтылы шаралар қабылдауды және ең қауіпті сценарийге дайын болуды тапсырды. Бұл мәселе Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында талқыланды, деп баса назар аударды qalampir.uz ақпарат порталы.

Басылым кездесу барысында халықтың денсаулығы және экономикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланғаны жөнінде де жазған.

Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев бостандықта қалды

2018 жылы сыбайлас жемқорлығы үшін, айыпталып қамауға алынған ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев бостандықта қалды деп жазды СentralАsia.(UZ порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Қарашев пен Өтембаевқа екі жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды.Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Карашевке елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген, сондай-ақ салық төлеуге арналған қаражатты жымқырды деп айыпталды. Сондай-ақ кәсіпкерлерден пара алды деп айыпталған, деп жазды басылым.

АҚШ Орталық Азия үшін «гуманитарлық» күресті қалай жүргізіп жатыр

Орталық Азия елдері тәуелсіздік жариялағаннан бері, 1991 жылдан бері әртүрлі халықаралық донорлар ресми мемлекеттік және халықаралық көмек көрсету арқылы аймақтағы ықпалын кеңейтті, деп жазды nuz.uz порталы. Басылым келтірген деректерге қарғанда Қазақстан орта азияда сырттан ең аз көмек алған мемлекет

25 миллиард доллар, атап айтқанда (Қырғызстан 8,1 миллиард доллар, Тәжікстан - 5,9 доллар алды) миллиард доллар, Өзбекстан - 5,8 миллиард доллар, Қазақстан - 4,2 миллиард доллар) көмек көрсетілгенін тілге тиек етіпті. Сонымен қатар, «көмек» түрлі қорлар, соның ішінде USAID, Soros Foundation, Freedom House, NED және т.б арқылы жүзеге асырылады, деп жазады басылым New Eastern Outlook-ке сілтеме жасап.