Кездесу кезінде Түркия Ұлттық қорғаныс министрі бүгінгі таңда Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықтың кепілі болып табылатынын атап көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында мәлімделген.
Ол екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық біртіндеп дамып отырғанын атап көрсетті және түрік әскери ведомствосы оны әрі қарай дамытуға үнемі дайын екеніне сенім білдірді.
Ә.Жақсыбеков қазақ-түрік әскери ынтымақтастығының маңызды бағыты әскери білім және ғылым екенін атап көрсетті.
Қорғаныс министрлігі Түркияның әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді оқытуға арналған квотаны арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық қорғаныс университетінде лекция оқу үшін профессорлық-оқытушылар құрамын шақыруға қызығушылығын білдірді.
Қазақстандық тарап мәліметі бойынша, 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін Түркияның жоғары оқу орындарында Қазақстанның 150-ден астам әскери қызметшісі білім алды. Қазір тағы 70 адам оқып жатыр.