Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Майкрософт" корпорациясы форум ұйымдастырушысы болып, оның жұмысына ФРГ канцлері Ангела Меркель, "Майкрософт" корпорациясының президенті Билл Гейтс, еуропа мемлекеттерінің үкімет өкілдері, парламент мүшелері, бизнес қоғамдастық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, биылғы жылы форумда ұлттық білім беру жүйесінің маңыздылығы және тиімді мемлекеттік басқаруға арналған тақырыпта мәселелер талқыланады.
"Еуропалық одақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, үкіметтің әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматтарға бірдей тиімді қызмет көрсету мәселесіне және басқаруда жаңа тәсілдерді енгізуге және инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану мәселелеріне аса үлкен мән беруде. Сарапшылардың пікірінше, электрондық үкіметті кең жолға қою үшін, муниципалдық деңгейде жаңа технологияларды көбірек енгізу керек, өйткені осы тұста электрондық үкімет көбінесе қиын жағдайларға тап болады", - деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Холдингтің ақпараты бойынша, "Қазақстанның өкілі Азамат Әбдімомынов форум қатысушыларына білім беру ортасына біртұтас инфрақұрылымдық желісін енгізуге бағытталған "Самғау" холдингінің инновациялық-білім беру консорциумын құру жөнінде жобасын ұсынды". ""Майкрософт" корпорациясы бұл жобаны қолдап, мемлекеттік қазақ тілінде қазақстандық контентін құрып, қазақ студеттері мен мектеп оқушыларын Интернет-технологиясының желісіне тартуға арналған жобасына қаржылық көмек көрсететінін хабарлады ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.