Қазақстан өз тарихында алғашқы рет Дэвис Кубогына жолдама алды

Қыркүйектің 19-ы күні өткен соңғы матчтарда Қазақстанның құрамасы екі мәрте жеңіске жетті. Андрей Голубев Михаэль Ламмераны екі партияда ұтса, Михаил Кукушкин Марко Кьюдинеллиді 6:4, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетейік, қыркүйектің 17-сі күні өткен жеке матчтарда Андрей Голубев Марко Кьюдинеллиден, ал Михаил Кукушкин Станислав Вавринкиден басым түскен болатын. Дэвис Кубогының плей-офф үшінші матчында жұптасып өнер көрсеткен Андрей Голубев пен Юрий Щукин швейцариялық қарсыластары Станислав Ваврикин мен Ива Аллегроны айтарлықтай басымдықпен (6:4, 6:3, 6:3) ұтты.

Матчтар Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтті.

Дэвис Кубогы - бұл ерлер ұлттық құрама командалары арасындағы ең ірі жарыс болып табылатын халықаралық теннистік турнир. Ағымдағы турнирдің жеңімпаздары - Испанияның құрамасы.