Қазақстан Өзбекстанмен шекарада тағы бір шекара бекетін ашты

Бекет «Оңтүстік» аймақтық басқарманың Сарыағаш шекара жасағы құрамында жұмыс істейтін болады.

"Дархан" барлық қажетті инфрақұрылымы бар әскери қалашық болады. Онда шекарашыларға қажетті жағдайлар құрылған, офицерлік құрамға арнап үй, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге арнап пәтер түріндегі жатақхана, казарма, жылқы қора салынған.

Мемлекеттік шекараны жарақтау шаралары жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бірнеше кешен салынбақ.