Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясындағы делегациясын күшейтеді - Тоқаев

"Біз Парламенттік ассамблея аясындағы жұмысымызды қарқындандыра түсуіміз қажет. Өйткені, вице-президент қызметінің арқалайтын жүгі зор", - деді Қ. Тоқаев.

Оның пікірінше, "еліміз өз делегациясын күшейтіп, бастапқы кезеңде құжаттар мен резолюциялар дайындау жұмыстарына белсене араласуы қажет". "Мен біздің депутаттардың алдына осындай міндет қойдым", - деді Қ.Тоқаев.

"Меніңше, Қазақстан конструктивті үлес қоса алады. Парламенттік ассамблея құрамындағы барлық парламентшілер осыған сенеді. Мен Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының әлеуетін нығайтуға өзіндік елеулі үлесін қоса алады дегенге күмәнсіз сенемін", -деді ол.