"Қазақстанның қауіпсіздігі мен мүддесінің қорғалуы жөнінде Қашаған бойынша біз жүргізіп жатқан келіссөздер ешкімді де Қазақстан нарықтық экономикалық даму жолымен жүру және өзінің бұрын қол қойған келісім-шарттарына беріктік жөніндегі саясаттан кері шегінді -міс деген ойға жетелеуге тиіс емес", - деді президент. "Өз дамуымыз барысында біз еліміздің мүддесі бұзылған кейбір тұстарды ғана қайта қарап жатырмыз", - деп түсіндірді ол.
Қашаған -соңғы 30 жылда әлем бойынша табылған 7-9 млрд баррель мұнай қоры бар ең ірі кен орындарының бірі. Шілденің аяғында ENI Қазақстан үкіметіне жоспарланған мұнай өндіру жұмысын 2008 жылдың екінші жартысынан, 2010 жылдың екінші жартысына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайту көзделген. Қазақстан жағы мұндай қаржы шығындарының ұлғаюын және қара алтын шығару мерзімдерін ауыстыруға байлынысты өз наразылықтарын білдірген.