Қазақстан Париждегі Халықаралық көрмелер бюросына EXPO-2017 тіркеу құжаттамаларын өткізді

"2013 жылы 10-желтоқсанда Парижде ХБК штаб-пәтерінде ресми түрде ұйымға мүше елдердің қарауына халықаралық арнайы Астана EXPO-2017 көрмесін тіркеу құжаттамаларын өткізудің ресми рәсімі өтті", делінген сәрсенбіде таралған хабарламада.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметовтың хаты қоса салынған құжаттамаларды ХБК бас хатшысы Висент Лосерталеске Франциядағы Қазақстан елшісі Нұрлан Дәненов табыс етті.

Құжаттамалар 2014 жылы маусым айында бекітілген соң көрменің өткізілуі ресми түрде бекітіледі, сосын Қазақстан "экспо-сити" сала бастайды.