Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжаттарды бекіту Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиға болумен бірге еліміздің 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін жүзеге асыруда үлкен маңызға ие болмақ. Қазақстанның бұл құжаттарға бірігуі еліміз дәйекті жүргізіп келе жатқан азаматтық қоғам құру бағдарына сай келеді. Ондай қоғамда жынысы, нәсілі, этникалық және діни қандай топқа жататынына қарамастан адам және азаматтың құқығы мен бостандығына деген құрмет-ілтипатты қамтамасыз етуге басымдық беріледі.
1966-жылғы 16-желтоқсанда қабылданған Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге Қазақстан 2003-жылдың 2-желтоқсанында бірікті. Қазір оған 162 ел біріккен.
"Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі 1966-жылғы 16-желтоқсанда күшіне енген халықаралық пактіге Қазақстанның өкілі 2003-жылдың 2-желтоқсанында Нью-Йоркте қол қойды. Бүгінде бұл пактіге 159 ел біріккен.
Заңдар мемлекет басшысыынң қол қоюына жолданды.