"Комитет сенат енгізген барлық өзгерістерді қарап шықты. Олар заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді, сол себепті олармен келісуді ұсынамыз",- деді мәжіліс депутаты Болат Әбішев әріптестеріне қаратып айтқан сөзінде.
Депутаттар бұл ұсынысты мақұлдады. Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.
Сенаттың аймақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, "заң жобасының нормалары денсаулыққа зиянды емес және адам өміріне қауіп тудырмайтын өнімдерді өндіруші отандық тауар өндірушілерге қойылатын талаптарды қарастырады. Заң жобасында азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру процессіне, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарға қатысты бірыңғай ережені қолдану принциптері белгіленеді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті