Қазақстан парламенті "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру туралы Ресеймен арадағы үкіметаралық келісімді бекітті



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты - "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы ғарыштық жер үсті инфрақұрылымы нысандарының негізінде экологиялық қаупі жоқ, жаңа "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру және бірлесе пайдалану барысында тараптар ұстанатын басты ынтымақтастық принциптері мен шарттарын айқындау болып табылады.
Құжатқа сәйкес, "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенін құру үшін Қазақстан жағы "Қазақстан- Ресей бірлескен "Бәйтерек" кәсіпорны" АҚ-ына 19 жыл мерзіммен 223 млн. доллардың бюджеттік несиесін береді. Несиенің негізгі берешегі алғашқы 5 жылда жеңілдікпен өтелсе, одан кейінгі 4 жылда өсімақы 0,5 проценттік жылдық өсіммен жеңілдікпен қайтарылады.
Құжат ережелеріне сәйкес, сонымен бірге Қазақстан жағы келісім аясында құрылған бірлескен кәсіпорынға салық және кедендік жеңілдіктер мен басқа да преференциялар көрсетуге міндетті.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті