Осы мәселе жөнінде баяндама жасаған әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлығайым Жолдасбаева айтқандай, сегіз ұстаным талқыланып, оның ішіндегі ең негізгі үшеуі аталып өтілді.
Оның айтуынша, келісім комиссиясының шешімімен заңның 1-бап 30-тармақшасы эротикалық сипаттағы өнім - мерзімді басылымдарының порнографиялық немесе сексуалды-эротикалық сипаттағы өнімдерге жатпайтын, физиологиялық жағынан қарағанда көркем ой басым болатын хабарламалары мен материалдары немесе теле, радио хабарлары деп өзгертілді.
Ал заң жобасының 15 бабының 3 тармағы бойынша мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, қатыгездік пен зорлық зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу, терроризмге қарсы операциялардың техникалық әдіс-тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есіртікі құралдарын, психотроптық заттар мен прескурсорларды насихаттау, порнографиялық және сексуалды-эротикалық сипаттағы теле-радио, бейне өнімдерін тарату, осы заңның 4-бабының 3-тармағында, 6-бап, 12-баптың 8-тармағындағы талаптарды бұзу, сондай-ақ, 17-баптың 7-тармағын, 18-баптың талаптарын 1 жыл ішінде қайталап бұзу БАҚ-ның шығарылымын, эфирге шығуын сот тәртібімен тоқтата тұруға негіз болып табылады.
15-баптың 4-тармағыда көрсетілгендей, ҚР конституциялық құрлысын күштеп өзгертуді, Қазақстанның аумақтық біртұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау мен үгіттеу, терроризм мен экстремизмді ақтай насихаттау - БАҚ-тың эфирге шығуын сот тәртібімен тоқтатуға негіз болып табылады.