Қазақстан парламенті демалысқа шықты

Мәжілістің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, парламентшілер демалыс уақытында жыл сайынғы еңбек демалысын алып, аймақтардағы сайлаушылармен кездесулерге аттанады. Биылғы кездесулердің басым бөлігі 19-қыркүйекке белгіленген парламент мәжілісінің сайлауына арналады.

Парламенттің қос палатасының депутаттары енді қыркүйек айының басында бірлескен жиында бас қосып, алтыншы сессияның ашылуын жариялайды.